Текст
Қарашаның 6 жұлдызында 4 сынып оқушылары арасында «Балмұздақ» атты сабақ өткізілді. Сабақта оқушылар балмұздақтың неден жасалатыны туралы, оның дәмін, түсінің қандай екенін айтты. Балалар анаграммада қандай сөз екенін анықтап, «балмұздақ» сөзіне ассоциация сөздерін класстер жасап жазды және оны қорғады. Оқушылар сабақтың соңында сүттен тағы қандай тағамдар жасалатыны туралы айтып, жұмбақтар шешті.