«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Михайловка ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Начальная школа села Михайловка отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білімге кұмар

 

БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМА

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру жүйесінің бірінші деңгейі ретінде отбасында немесе бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады. Балаларды мектепалды даярлау бес жастан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектепалды сыныптарында немесе отбасында жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде баланың мектепке дайындығы мәселесі ӛзекті болып табылады және елдің білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бұл балаларды 1-сыныпқа алты жастан қабылдауға қатысты «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы нормасының күшіне енуімен ӛзгерістер енгізілуіне байланысты.

Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі бастауыш мектепке барған кезде балаларға (әртүрлі әлеуметтік топтар мен бұқара топтары) тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады. «Балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру» кез келген мектеп жасына дейінгі балаға отбасының әл- ауқатына, тұратын жеріне және қай ұлтқа жататынына қарамастан оған мектепте табысты оқуға мүмкіндік беретін даму деңгейін алу үшін мемлекет қамтамасыз етуі тиіс тең жағдайлар жасауды білдіреді. Болашақ бірінші сынып оқушыларының әртүрлі бастапқы мүмкіндіктері оқу процесін ұйымдастыруды қиындатады және баланы мектепке «апару» тәсілдерін іздеуге ата-аналарды мәжбүр етеді, бұл балалардың дамуына және денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Әртүрлі себептермен балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ата- аналарды мектепалды даярлық мәселесі алаңдатады: баланың денсаулық жағдайы, ата-аналардың балаларды үйде тәрбиелеуді қалауы, отбасының материалдық қиындықтары және т.б. Қазіргі кезде мектепте оқуға дайындық кешенді психологиялық зерттеулерді қажет ететін кӛп компонентті білім беру болып табылады. Мектеп табалдырығын аттаған бала белгілі бір физикалық, ақыл-ой, эмоционалдық және әлеуметтік дамуға сәйкес келуі тиіс. Бұл оның келешекте мектептегі үлгерімінің кепілі.

Осы міндеттерді шешу үшін орта білім беру ұйымдарының базасында мектепалды даярлықпен қамтылмаған болашақ бірінші сынып оқушылары үшін қысқа мерзімді даярлық курстары ұйымдастырылады.

Балаларды мектепке дайындау бойынша бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес әзірленді.

Бағдарлама балалардың мектепке барар алдында табысты бейімделуі және бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін жағдай жасауға бағытталған. Ол балалардың әлеуетті мүмкіндіктеріне, «жақын даму аймағына», балаларды қарым-қатынастың жаңа әлеуметтік нысандарына қосу үшін жағдай жасауға, ойын әрекетінен оқуға кӛшуге дайындауға бағытталған және 5-6 жастағы балаларға арналған.

Бағдарламаның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың жаңа білім беру жағдайларына табысты бейімделуіне және білім берудің бір сатысынан келесі сатысына жайлы ӛту үшін жағдай жасау.

Бағдарламаның міндеттері:

  • балаларды мектепке оқуға дайындауда физикалық және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту;

 

  • балалардың психологиялық мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктеріне сәйкес танымдық, эмоционалдық және адамгершілік дамуына, біліктері мен дағдыларының, коммуникативтік дағдыларының алғышарттарын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті жағдайлар жасау;
  • балалардың     шығармашылық     белсенділігін,     білуге                құмарлығын, бастамашылдығын, дербестігін дамыту;
  • ата-аналармен (заңды ӛкілдермен) ӛзара ынтымақтастықты жүзеге асыру, оларды отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын және баланы түсіне білуге бағыттау.

Бағдарлама  мектепке   дейінгі   білім   беру  жүйесін   реттейтін                               нормативтік құқықтық актілер:

  • «Білім   туралы» ҚР Заңына;
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға

міндетті стандартына (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген, ҚР БҒМ 2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрығымен ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығымен бекітілген, 2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығымен ӛзгерістер енгізілген);

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу   бағдарламасына (ҚР БҒМ м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бекітілген, ҚР БҒМ 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №412 бұйрығымен ӛзгерістер енгізілген);

  • «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (ҚР ДСМ 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығы) сәйкес құрастырылды.

Бағдарламаның ӛзектілігі баланың ойлау процестерін белсендіруге, оны құбылмалы әлеуметтік ортаға енуге және мектеп ӛміріне қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды қолдануды қамтиды.

 

БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ

 

Бағдарлама бірінші сыныптың білім беру бағдарламаларының қайталануына жол бермейтін дамытушылық сипатқа ие; әлеуметтік қатынастардың ерекшеліктерін игеруге ықпал етеді; құнды мақсаттарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді; баланың әлеуетті мүмкіндіктерін дамытуға бағыт береді; ойын әрекетінен шығармашылық әрекетке, оқу әрекетіне кӛшуге дайындайды. Оқыту 4 білім беру саласы бойынша ӛткізіледі: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет».

Бағдарлама мынадай курстардан тұратын және келесі құрылымға ие бейімделу сабақтарының жүйесін ұсынады:

1.      «Қатынас» білім беру саласы - 9 сағат:

  • «Сӛйлеуді дамыту» - 2 сағат;
  • «Сауат ашу негіздері» - 4 сағат;
  • «Қолды жазуға дайындау» - 3 сағат;

2 ) «Таным» білім беру саласы - 5 сағат:

  • «Математика негіздері» - 5 сағат;

1.      «Шығармашылық» білім беру саласы - 4 сағат:

  • «Сурет салу» - 2 сағат;
  • «Мүсіндеу» - 1 сағат;

 

  • «Жапсыру» - 1 сағат;

1.      «Әлеумет» білім беру саласы - 2 сағат:

  • «Қоршаған ортамен танысу» - 2 сағат.

Бейімделу сабақтарының ұзақтығы 10 - минуттық үзіліспен 30 -минутты құрайды.

Сабақтарды ӛткізу нысандары: ойындар және ӛнімді әрекет, шығармашылық әрекет, құрастыру, модельдеу, жеке жұмыс, топпен және, жұппен жұмыс.

Бағдарлама 1-2 айға есептелген, сабақтардың жалпы санының ұзақтығы 1 ай мерзімде – 80 сағатты, ұзақтығы 2 ай мерзімде -160 сағатты құрайды.

Болашақ бірінші сынып оқушысының негізгі білімдері:

1.      0-ден 10-ға дейін (және кері тәртіпте) санау.

Бала бұл сандарды тек «жаттап» қана қоймай: санауды іс жүзінде қолдана білуі керек, яғни сан мен затты сәйкестендіре білуі тиіс (мысалы, балаға киімдегі түймелерді санауды; қанша адам түскі тамақ ішеді, үстелге сонша тәрелке қоюды және т.б. ұсынуға болады). Санау процесі саналы түрде іске асырылуы тиіс.

1.      10 саны кӛлемінде қарапайым математикалық операцияларды орындау (қосу, азайту).

2.      Негізгі геометриялық пішіндердің атауларын білу (дӛңгелек, тӛртбұрыш, тіктӛртбұрыш, сопақша, үшбұрыш, шаршы) және оларды айта білу.

3.      Ана тілінің барлық дыбыстарын айта білу, сӛздерге дыбыстық талдау жасау, сонымен қатар иллюстрацияларға қойылған сұрақтарға жауап беру.

4.      Ертегілерді, ӛлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды білу.

Бүгінгі күні әлемде компьютердің үстемдік етуіне қарамастан кітап оқу баланың зияткерлік дамуы үшін ерекше маңызды. Балаларға арналған кітапты оқу оның ішкі әлемін қалыптастыруда маңызды рӛл атқарады.

1.      Табиғат құбылыстары, айлар мен жыл мезгілдері, апта күндері туралы негізгі түсініктердің болуы.

2.      Негізгі кеңістік түсініктерін білу (оң жақ/сол жақ, жоғары/тӛмен).

Баладан оң қолын сол құлағына, ал сол қолын оң тізесіне қоюды және т.б. сұрауға болады. Кӛшеде қыдырып жүргенде болашақ бірінші сынып оқушысынан оның оң жағында, анасының сол жағында, ал дүкеннің артында не орналасқанын сипаттауды және т.б. ұсынуға болады.

1.      Үлгінің кӛшірмесін жасай білу (үлгі бойынша әрекет ету).

Тор кӛзді дәптерге ӛрнек салу және балаға оны жалғастыруды ұсыну. 9.Топтастыру, жалпылау, артықты алып тастау.

Балаға бір сӛзбен атауды ұсыну: алма, алмұрт, апельсин, алхоры»; артығын алып тастауды сұрау: «кӛйлек, пальто, етік, шалбар». Екі жағдайда да баладан жауабын түсіндіруді сұрау керек.

Ата-аналарға болашақ бірінші сынып оқушысын біртіндеп ӛз бетінше әрекет етуге үйрету ұсынылады: дастархан жаюды, бӛлмені тазалауды, тӛсек салуды және т. б. сұрау. Осы кезеңде болашақ бірінші сынып оқушысы белгілі бір уақытта ұйқыға жатуға және тұруға дағдылануы үшін күн тәртібін сақтау ӛте маңызды (бұл бейімделудегі қиындықтардың ықтималдығын едәуір тӛмендетеді).

Сондай-ақ бала ӛзі туралы мәліметтерді (аты-жӛні, жасы, нақты мекенжайы және телефон) білуі, жол қозғалысы ережелері туралы негізгі білімі болуы тиіс.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында берілген тәрбиеленушілердің даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

 

негізінде мектепке дейінгі ұйымның және орта білім беру ұйымының мектепалды сыныбының түлегі мынадай сапаларды меңгеруі тиіс:

1.      дене бітімі дамыған;

2.      білуге құмар;

3.      ӛзіне сенімді және белсенді;

4.      эмоционалды елгезек;

5.      әлеуметтік дағдыларды және құрдастарымен, ересектермен ӛзара қарым- қатынас жасаудың, ӛз бетінше үйренудің дағдылары мен әдістерін меңгерген;

6.      ӛзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (ел), әлем және табиғат туралы алғашқы түсініктері бар;

7.      орта білім беру ұйымында оқуға  қажетті     біліктер  мен дағдыларды меңгерген.

Даярлық курсы тобындағы балалардың саны «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес анықталады (ҚР ДСМ 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығы).

 

«Қатынас» білім беру саласы

 

Мақсаты: ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, кӛркем әдебиетке қызығушылыққа баулу; балалардың шығармашылық белсенділігі мен бастамашылығын дамыту.

Міндеттері:

  • әңгімелесушіні тыңдауға және естуге үйрету, диалог жүргізуге дайындау
  • әрекеттердің алуан түрлі нысандары мен түрлерінде ауызша сӛйлеуді дамыту;

-ойынды қолдана отырып, кӛркем бейнені құруда шығармашылық дербестікті дамыту.

«Сөйлеуді дамыту» ұйымдастырылған оқу қызметі

Міндеттері

  • сӛздерді дыбысталуы бойынша салыстыра білуге, берілген дыбысқа сӛз таңдауға үйрету;
  • балалардың сӛздік қорын зат есімдермен, етістіктермен, сын есімдермен, сан есімдермен, үстеулермен, жұрнақтар және жалғаулармен байыту;
  • интонациясына   байланысты   сӛйлемдерді    (хабарлы,    сұраулы,               лепті) ажыратып, сӛйлеуде қолдана білуді дамыту;
  • ересектердің кӛмегімен әңгіменің жалғасы мен соңын ойлап табуға үйрету.

 

«Сауат ашу негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметі

Міндеттері:

  • дыбыс, буын, сӛз, сӛйлем туралы түсініктерді қалыптастыру;
  • сӛздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айтуды дамыту (дыбыстарды дұрыс, анық айту, сӛздерден дыбыстарды бӛліп алу, белгілі бір дыбысы бар сӛздерді табу, сӛздегі дыбыстың орнын анықтау).

 

«Қолды жазуға дайындау» ұйымдастырылған оқу қызметі

Міндеттері:

  • жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру және қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету;
  • қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын қалыптастыру;
  • Сызбаларды (штрихтарды), жиектерді салуға үйрету.

 

«Таным» білім беру саласы

Мақсаты:   коммуникативтік-танымдық   қабілеттерді,   математикалық                              және логикалық ойлауды қалыптастыру.

Міндеттері

  • таным процестерін: зейінді, есті, қабылдауды, шығармашылық қабілеттерін, қиялды, ойлауды дамыту;
  • қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

«Математика негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметі

Міндеттері:

  • "Бір" деген ұғым – бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін таныстыру;
  • сӛйлеуде математикалық терминдерді қолдана білуді қалыптастыру;
  • Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілей білуге, заттарды шамасына қарай ӛсу және кему ретімен орналастыруға үйрету;
  • заттарды түрлі белгілері бойынша салыстыра білуге үйрету (түсі, пішіні, ӛлшемі, материалы, қолданылуы);
  • геометриялық пішіндер (дӛңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктӛртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету;
  • Кеңістік ұғымдарын бекіту: заттың кеңістікте орналасуы (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, тӛменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, жоғарыдан тӛменге, алға, артқа, сол бағытта.

кеңістіктік (заттың кеңістікте орналасуы (сол жақ, оң жақ, жоғары, тӛмен); қозғалыс бағыттары: солдан оңға, оңнан солға, жоғарыдан тӛменге, алға, артқа, сол бағытта) және уақыт (таңертең, күн, кеш, түн) түсініктерін бекіту.

 

«Шығармашылық» білім беру саласы

Мақсаты: қолдың ұсақ моторикасын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялды, байқағыштықты және қоршаған ортаны бейнелі қабылдауды қалыптастыру, ӛз түсініктерін, сезімдерін, ойларын кӛркем түрде бере білу.

Міндеттері:

  • балалардың   ӛнер   туындыларын   қабылдау  қабілеттілігін,              эмоционалды қатынасты қалыптастыру;

-бірлесіп    жұмыс     жасау,    жұмысты     ұжыммен    орындау                            дағдыларын қалыптастыру;

 

  • балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған әлемнің эстетикалық жағына қызығушылығын дамыту.

 

«Сурет салу» ұйымдастырылған оқу қызметі

 

Міндеттері:

  • балаларды елестету және заттарға қарап гүлдер, кӛкӛністер, жемістер, ойыншықтар, күрделі емес сұлбаларды ӛздеріне тән ерекшеліктерін бере отырып салу дағдыларын қалыптастыру;
  • негізгі пішінді, заттар мен олардың бӛліктерінің үйлесімділігін нақты беруге үйрету;
  • балаларды түрлі материалдарды – қарындаштарды, бояуларды пайдалана білуге үйрету.

 

«Мүсіндеу» ұйымдастырылған оқу қызметі

 

Міндеттері:

  • балаларды затқа қарап немесе сурет бойынша мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру;
  • мүсіндеудің әдістерін қолдануды және заттардың ӛлшемдік қатынастарын бере білуге жаттықтыру;
  • балаларды командада жұмыс істеуге, ӛз жұмысын және ӛзге балалардың жұмысын бағалауға үйрету.

 

«Жапсыру» ұйымдастырылған оқу қызметі

 

Міндеттері:

  • геометриялық элементтерден ӛрнектер құрастыру дағдыларын қалыптастыру;
  • қағаз парағында заттарды орналастыру дағдыларына үйрету;
  • әртүрлі әдістерді қолдануға үйрету (қию, жырту, екіге бүктелген қағаздан, түрлі қатпарлы бейнелерді қию).

 

«Әлеумет» білім беру саласы

 

Мақсаты: ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауда, қоршаған ортамен таныстыру негізінде әлеуметтік дағдыларын дамыту және қалыптастыру болып табылады.

 

Міндеттері

  • жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін дамыту: ынтымақтастық, қоршаған ортаға қамқорлық кӛрсету, бастамашылдық, дербестік, тәуелсіздік, ашықтық, әлеуметтік икемділік, мәдениетті және экологиялық сауаттылық;
  • құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынастың қарапайым жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін үйрету;

 

«Қоршаған ортамен танысу» ұйымдастырылған оқу қызметі

 

Міндеттері

туыстық байланыс, ӛзінің жасын, толық аты-жӛнін, тегін, ата- анасының, отбасы мүшелерінің аты-жӛнін, ӛз үйін, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • үй-жайда, мектеп аумағында, жақын орналасқан шағын ауданда еркін бағыт- бағдар ұстай білу іскерліктерін қалыптастыру;
  • заттар, олардың белгілері мен атқаратын қызметі туралы түсініктерді бекіту;
  • балаларды табиғат әлемімен таныстыру.

 

1.      қосымша

 

 

Мектеп жанындағы даярлық курсының ОҚУ ЖОСПАРЫ

 

Оқыту мерзімі – 1-2 ай.

 

№ р/с

Білім беру саласы

Сабақтар

Апталық оқу жүктемесі (сағ.)

Оқу жүктемесінің жалпы кӛлемі (сағ.)

1 ай

2 ай

1

Қатынас (9 сағ.)

Сӛйлеуді дамыту

2

8

16

Сауат ашу негіздері

4

16

32

Қолды жазуға дайындау

3

12

24

2

Таным (5 сағ.)

Математика негіздері

5

20

40

3

Шығармашылық (4 сағ.)

Сурет салу

2

8

16

Мүсіндеу

1

4

8

Жапсыру

1

4

8

4

Әлеумет (2 сағ.)

Қоршаған

ортамен танысу

2

8

16

 

Барлығы

20

80

160

 

 

1.      қосымша

 

Мектеп жанындағы даярлық курсы сабақтарының сабақ кестесі (үлгі)

 

Ӛткізу уақыты (сағ.)

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенді

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

09.00-

09.30

Математика

негіздері

Сӛйлеуді

дамыту

Математика

негіздері

Сауат ашу

негіздері

Сауат ашу

негіздері

1-2 минут

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

09.40-

10.10

Сауат ашу

негіздері

Математика

негіздері

Сауат ашу

негіздері

Математика

негіздері

Қолды жазуға

дайындау

1-2 минут

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

Сергіту сәті

10.20-

10.50

Қолды жазуға дайындау

Қоршаған ортамен

танысу

Қолды жазуға дайындау

Сӛйлеуді дамыту

Математика негіздері

11.00-

11.30

Жапсыру

Сурет салу

Мүсіндеу

Сурет салу

Қоршаған ортамен

танысу

 

1.      қосымша

 

«Сӛйлеуді дамыту» ОҰҚ-нің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

р/с

Мазмұны

Сағат саны

1 ай/2 ай

1

Суреттер бойынша әңгімелер құрастыру

1/2

2

Иллюстрацияға сүйене отырып, ертегі оқу және қайта

әңгімелеп беру

1/2

3

Берілген тақырып бойынша сюжеттік әңгіме құрастыру

1/2

4

Айналасындағы    адамдармен    қарым-қатынас    кезінде

сӛйлеу нормаларымен танысу

1/2

5

Жол қозғалысы ережелері

1/2

6

Суреттер топтамасы бойынша сипаттау әңгіме құрастыру

1/2

7

Ӛлеңді жатқа оқу

1/2

8

Үйде,   қоғамдық  орындарда,  табиғатта  қауіпсіз   мінез-

құлық ережелерімен танысу

1/2

 

Қорытынды

8/16

 

«Сауат ашу негіздері» ОҰҚ-нің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

 

 

р/с

Мазмұны

Сағат саны

1 ай/2 ай

1

«Дыбыс, буын» ұғымдарымен танысу

2/4

2

«Сӛз, сӛйлем»ұғымдарымен танысу

2/4

3

«Мәтін, екпін» ұғымдарымен танысу

2/4

4

Сӛздерді буындарға бӛлу

2/4

5

Дауысты дыбыстармен танысу

2/4

6

Дауыссыз дыбыстармен танысу

2/4

7

Сӛздерге дыбыстық талдау жасау

2/4

8

Модельдеу арқылы сӛйлем құрастыру

2/4

 

Барлығы

16/32

 

 

«Қолды жазуға дайындау» ОҰҚ-нің күнтізбелік-тақырыптық

жоспары

 

р/с

Мазмұны

Сағат саны

1 ай/2 ай

1

Заттардың ішіндегі және сыртындағы суреттерді бояу,

суретті аяқтап салу және т. б.

2/4

2

Әр түрлі пішіндегі сәндік ӛрнектердің суретін салу

2/4

3

Кӛлденең, тік және айқас сызықтармен штрихтар

жүргізу

2/4

4

Қарапайым ӛрнектердің суретін салу (жеке

2/4

 

 

элементтердің ырғақты бейнелеу)

 

5

Заттардың, әріптердің бейнесін басып жүргізу

2/4

6

Бас әріптердің элементтерін салу

2/4

 

Барлығы

12/24

 

«Математика негіздері» ОҰҚ-нің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

 

№ р/с

Мазмұны

Сағат саны 1 ай/2 ай

20/40

1

Заттардың қасиеттері Сол қол, оң қол

Сол жақ, оң жақ

Сол жақта, оң жақта

1/2

2

1 және 2 сандарымен танысу

1 және 2 сандарын салыстыру 5 кӛлемінде ауызша санау

Заттардың санының арақатынасы

1/2

3

3 және 4 сандарымен танысу

3 және 4 сандарының пайда болуымен танысу Жазықтықта бағдарлау

Сымнан, таспадан, таяқшалардан құрастыру

1/2

4

Кеңістіктік түсініктерді қалыптастыру (астында,

үстінде, арасында)

1/2

5

5 және 6 сандарымен танысу

5 және 6 сандарының пайда болуымен танысу

Екі жиынның арақатынасын анықтау: «аз», «кӛп»,

«тең»

Сымнан, таспадан, таяқшалардан құрастыру

1/2

6

7 және 8 сандарымен танысу

7 және 8 сандарының пайда болуымен танысу

Заттарды бір-бірімен беттестіру әдістерінің кӛмегімен және бірдей ӛлшемді пайдалана отырып, заттарды

белгілері бойынша салыстыру: жоғары - тӛмен, ұзын - қысқа, кең –тар,

1/2

7

9 және 10 сандарымен танысу

9 және 10 сандарының пайда болуымен танысу

Жиындар арасындағы қатынасты орнату дағдыларын бекіту, оларды теңестіру

«Аз», «кӛп», «тең» ұғымдары арасындағы

қатынастарды ӛз бетінше орнату

1/2

8

Сандық қатармен танысу

Тура және кері тәртіпте 10-ға дейінгі санау

2/4

9

Геометриялық пішіндермен танысу: шаршы, дӛңгелек,

тікбұрыш, үшбұрыш, сопақша

2/4

10

Тікбұрышты шаршымен, дӛңгелекті сопақшамен

салыстыру (тұстастыру әдісі арқылы)

1/2

 

 

«Сандық баспалдақ» құру

Тура және кері тәртіпте 10-ға дейінгі реттік санау

 

11

«Арифметикалық есеп» ұғымымен танысу Балаларды қосу есептерін құрастыруға үйрету Геометриялық пішіндер туралы білімді бекіту

Санауды бекіту

2/4

12

Геометриялық пішіндерді белгілі бір ретпен салуға байланысты тапсырмаларды орындау

10 сан кӛлемінде орналасқан 10-ға санына дейінгі

және одан кейінгі аталған сандарды атай білу

2/4

13

Уақытты бағдарлау - таң, күн, кеш, түн

Апта күндерін, жыл мезгілдерін дұрыс атауға үйрету

2/4

14

Тәулікті не құрайтыны туралы түсінік қалыптастыру Салмақты бағдарлау

Заттарды алақанда, алдымен қарама-қарсы

кӛрсеткіштерде ӛлшей отырып, салмағы бойынша тең және тең емес заттарды таба білуге үйрету

2/4

 

Барлығы

20/40

 

 

 

 

«Сурет салу» ОҰҚ-нің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

 

 

р/с

Мазмұны

Сағат саны

1 ай/2 ай

1

Қарындаштармен    сурет    салу        «Мен    мектепке

барамын»

1/2

2

Акварель бояуларымен сурет салу «Кӛңілді жаз»

1/2

3

Түрлі-түсті бормен сурет салу – «Жаңбыр жауып тұр»

1/2

4

Ұжымдық   жұмыс.   Түрлі   бейнелеу   құралдарымен

сурет салу - «Менің қалам (ауылым)»

1/2

5

Қарындаштармен сурет салу «Кӛлік»

1/2

6

Шағын  топпен   жұмыс.     Асфальтта сурет  салу –

«Бақшада не ӛседі?».

1/2

7

Затқа қарап сурет салу «Менің сүйікті ойыншығым».

1/2

8

Ойлауы бойынша сурет салу

1/2

 

Барлығы

8/16

 

«Мүсіндеу» ОҰҚ-нің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

 

 

р/с

Мазмұны

Сағат саны

1 ай/2 ай

1

«Саңырауқұлақтар» - заттарды, олардың бӛлшектерін

мүсіндеу дағдыларын бекіту

1

2

«Кірпі» - табиғи материалмен бірге ермексаздан

мүсіндеу

1

3

«Жемсауыттағы құстар» - ұжымдық жұмыс

1

4

«Жүзім» - алақан арасына ермексазды домалату және

оларды жалпайтуға үйрету

1

 

Барлығы

4/8

 

«Жапсыру» ОҰҚ-нің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

 

 

р/с

Мазмұны

Сағат саны

1 ай/2 ай

1

«Автобус» - жолақты бірдей етіп жолақтарды қию

дағдыларын бекіту

1

2

«Ақ қайың» - сурет салу элементтерімен жыртып

жапсыру

1

3

«Қуыршақтарға арналған киім» ұжымдық жұмыс -

киімнің дайындалған бӛліктерінен модельдеу

1

4

«Кӛбелектер» - кӛлемді жапсыру

1

 

Барлығы

4/8

 

 

«Қоршаған ортамен танысу» ОҰҚ-нің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

 

 

р/с

Мазмұны

Сағат саны

1 ай/2 ай

1

Айналадағы заттармен танысу

1/2

2

Кӛмекші заттар

1/2

3

Тату отбасы

1/2

4

Мектеп. Мұғалім

1/2

5

Табиғат әлемімен танысу

1/2

6

Табиғат сыйлары

1/2

7

Ӛсімдіктер әлемі

1/2

8

Жануарлар әлемі

1/2

 

Барлығы

8/16

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.      «Білім    туралы»     Қазақстан  Республикасының Заңы;

2.      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары;

3.      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары;

4.      Мектепке   дейінгі   тәрбие   мен   оқытудың  үлгілік  оқу бағдарламасы; 5.«Мектепке    дейінгі     ұйымдарға    және     сәбилер    үйлеріне    қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

1

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

3

2

БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ

4

4

ҚОСЫМШАЛАР

10

 

Жаңартылған күні: 14.03.2024 16:57
Құрылған күні: 14.03.2024 18:11

Текст