«Оқуға құмар мектеп» Региондық жоба аумағында, оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында, біздің мектепте оқу сауаттылығын жоғарылату сұрақтары шешілуде. Жобаға сай кітапханашы мен сынып жетекшілері балалармен жұмыс жүргізуде. Қоршаған орта мен оқуға деген қызуғышылы мектеп орындығынан қалыптасуы тиіс, ал кітапхана сол кітап әлеміне қызығушылықты ашатын орын, бағыттаушы бағдар болуы тиіс.
Жоба бойынша өткізілетін шаралар өтіп жатыр, «Оқуға құмар мектеп – оқуға құмар ұлт»: «Оқуға құмар ұжым» мұғалімдер арасында, әр жиналыста «ұжымдық оқуға» уақыт бөлінеді. Оқушыларды әдебиеттік кітап оқуға машықтандыру мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында 20 минуттық оқу басталды, әр сабақта «бесминуттық оқу» өткізілуде. Отбасылық оқуға көп көңіл бөлінеді, «Оқуға құмар отбасы» чаты ашылып, отбасылық оқу бағыт алды. Оқу белсенділігі мен оқу деңгейін жоғарылату мақсатында Буккроссинг ұйымдастырылды «Кітап – ол білім тұңғиығы!» - кітапты ал оқы, орнына қой, оны келесі оқырман алып оқиды. ҚР Тілдер фестивалі қарсаңында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты Бүкілқазақстандық диктанты өтті. Қарттар күніне арналған «Біздің ата-әжелеріміз» атты суреттер байқауы мен «Қарт адам – ол ақыл сандығы» атты әңгімелесу өтті. Мектеп оқушылары арасында оқуға құмаршылықты насихаттау, мәнерлеп оқуды дамыту мақсатында «Ең жақсы сыйлық - кітап» мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды: «Конституция – Тәуелсіздік кепілі», «Тіл – достық пен келісім негізі», «Кітап – білім бұлағы», «Кітаптың көнекілік насихаты» - жаңа кітаптардың көрінісі. Оқуға деген құмарлығын арттыру мақсатында 4 сыныпта «Жақсы кітаппен дос бол» бұрышы жасалды. Қоса қызмет жасау мақсатында мектепте «Мобильді кітапхана-Мобильная библиотека», соның көмегімен оқушылар