21 қаңтар күні «Айгөлек» шағын-орталығында «Мұз бен қардың құрамы.» тақырыбында сабақ өтті. Қыдыру кезінде балалармен қар мен мұз туралы әңгімелесу, иллюстрация көру, әдебиет оқу жүргізілді. Қолданылған әдістер: көрнекілік, сөздер. Балалар үшін тәжірибе жасау өте қызықты болды. Шаршаңқылықты шешу үшін балаларға физминутка өткізілді. Тәжірибе жасау кезінде балалармен қауіпсіздік техникасына көңіл аударылды. Сабақты ойын ретінде өткізсе, балаларға қызықты да ұғымды болады (балалар қар мен мұздың құралама туралы білімдері артты). Балалар сұрақтарға нақты да толық жауап бермесе де түсінгендерін айтты. Кейбір балалардың сөздері дұрыс, бірақ «р» дыбысы мен қатаң дауыссыздарды айтуда дұрыс шықпайды. Соған қарамастан, Саусақ ойындары мен Күлкілер әдісі бойынша жұмыстың арқасында балалардың сөйлеу дағдылары жақсы дамып келеді.