«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Михайловка ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Начальная школа села Михайловка отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

27.02.2023

1.Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданындағы білім бөлімінің Михайловка ауылының бастауыш мектебі» КММ. Заңды мекенжайы – Михайловка ауылы, Мектеп көшесі, 15А.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

Михайловка  ауылының  БМ  5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2022 жылға 6 қызмет көрсетілді;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін – 0 қызмет;

электрондық нұсқада көрсетілетін мемлекеттік қызмет 0 қызмет;

қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 6 қызмет көрсету.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».

2. Қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат мектептің http://sc0033.sandyktau.aqmoedu.kz/ ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде. Ұйымда нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).

2022 жылы білім беру ұйымы БАҚ 1 тікелей эфир жүргізілді. Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымы Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, ҚР БҒМ АРМ ММ жүйесі жұмыс істейді, онда 5 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы мәліметтер.

2022  жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2023 жылы білім беру ұйымы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.

 

 

Мектеп меңгерушісі:                                    Н.Коноваленко

 

Просмотров: 1041


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст