Текст
2016 жылдың 15 желтоқсан жұлдызында Михайловка бастауыш мектебінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіген 25 жыл» толуына орай «Тәуелсіздікке таңғзым» сап түзу өтті. Сап түзу мемлекеттік әнұран орындалуынан басталды. Мектеп меңгерушісі Н.В. Коноваленко мерекемен оқушыларды, мұғалімдер мен келген қонақтарды құттықтады. Оқушылар тәуелсіздікке жету жолының қысқаша тарихымен танысты. Сонымен қатар сап түзуге қатысушылар тәуелсіздік туралы тақпақтар оқып, «Атамекен» әнін орындады. Тәуелсіз Қазақстанның қалалары туралы слайд «Мәңгілік ел» әнімен көрсетіліп тыңдалды. 4 сынып оқушысы Жамшитова Д. қазақтың ұлттық «Қамажай» биін орындады.