Екінші сыныпта дүниетану пәні бойынша «Адамдар неге еңбектенеді?» тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін, оқушылар «Мамандық» тақырыбына класстер жасады. Оқушылар сөздерді атап, сабақтың бақсаты бойынша ұсыныстарын айтты. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтаған соң презентация көрсетілді, мұнда жұмбақтардың шешуін таба отырып балалар әртүрлі мамандықтарды атады. Топта балалар суреттерді әшекейлеп, мамандықтарын анықтады. Топта жұмыс жасай отырып оқушылар мынадай сұрақтарға жауап берді: «Адамға еңбек не үшін керек? Еңбек адамға не береді?». Осы тараптан оқушылар еңбек адам өмірін әрлендіретіні білді. Берілген мақалдардан оқушылар еңбек туралы мақалдары таңтап алды. Балалар осы тапсырманы жақсы орындап, өздері білетін еңбек туралы мақалдарды айтты. «Бұршақ-патша» ойынында жүргізуші ым-қимыл арқылы мамандықтарды анықтады. Сабақтың соңында кері байланыс жүргізілді, стендте смайликтердің көмегімен балалар өздерінің көңілдерін көрсетті.