Текст
Күн «Дәрумения еліне саяхат» әңгімелесуінен басталды. Дәрумендердің қасиеттері мен пайдасы туралы көп айтылды, сонымен қатар балалар зиянды заттар туралы білгендерін айтты.
«Көкөністер, жидектер, жемістер – пайдалы өнімдер» - викторинасында балалар жарыса жауап беруге тырысты. Дәрумендер жазылған тақтадағы стикерлерге көкөністер мен жемістер атауларын жазды.
Ермексаздан дәруменге бай көкөністер мен жемістер моделдерін жасады.
Аулада таза ауада қызықты ойындар ойнап, балалар көңілді атмосфера орнатты.