Текст
1-4 сынып оқышылары арасында «Денсаулық әліппесі» атты викторина өтті. Шара барысында мұғалім оқушылардың бар білімдерін араға салуға тырысты, күнделікті өмірге деген икемділігі мен белсенділігі де арттырды. Викторина қызықты да тартымды болды, балалар ертегі кейіпкерлерінің сұрақтарына қызыға жауап берді. Олар мақал – мәтелдерді естеріне түсіріп, денсаулықты қалай сақтау керек екендігін айтты. Азық-түліктердің пайдасы туралы көп ақпарат алды. Түрлі ауралардың алдын алу мен гигиена ережелері туралы айтылды. Оқушылар кроссвордтар мен жұмбақтар шешті, спорттық-қозғалмалы ойындарда үлкен құмарлықпен ойнады. Викторина соңында оқушылар салауатты өмір салты туралы буклеттер алды.