Текст
30 қыркүйек күні 2-4 сынып оқушылары арасында Қарттар Күніне арналған «Қарт адам – даналық қоржыны» әңгімелесу өтті. Бұл ерекше мереке, қарт адамды құрметтеу, сыйлау күні. Ата -әжелеріне ризашылығын білдіру үшін балалар өздерінің туыстары туралы қызығушылықпен сөйлесті және қуана -қуана оларға қолөнер бұйымдарын жасады. Балалар гүл шоқтарын өте мұқият кесіп, жапсырды. Мұндай оқиғалар балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелейді: толеранттылық, мейірімділік, жомарттық, аға ұрпаққа жауаптылық пен құрмет көрсету, рухани -адамгершілік тұлғаны қалыптастырады және дамытады, эмоционалды жауаптылыққа баулиды.